Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Западно-Казахстанская область

«ЖАС ДАРЫННЫҢ» ЖҮЛДЕСІ

«ЖАС ДАРЫННЫҢ» ЖҮЛДЕСІ

Қазақтың қасиетті домбырасын арқалап, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық музыка байқауларында өнер көрсетіп жүрген аудандағы Мектептен тыс жұмыстар орталағанаң «Жас дарын» домбырашылар ансамблі кезекті жүлдесіне қол жеткізді.

Олай дейтін себебіміз - Алматы қаласында өткен «Мое любимое произведение» атты халықаралық байқауда Әли Әжіғалиев, Аман Мәжитов, Ерғазы Ғайнолла, Төлемісова Жангүлім, Сариева Жұпар, Кенжебекова Гүлназ Құрманғазының «Адай» күйі мен Сейтек Оралұлының «Заман-ай» күйлерін шебер орындап, III дәрежелі лауреат атанса, жеке орындау шеберлігі бойынша Кенжебекова Гүлназ II дәрежелі лауреат атанды.

Екі күнге созылған халықаралық жарыста 150-ге жуық өнерпаз бақ сынаған. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар, домбыра, қобыз, қылқобыз, фортепиано, флейта, т.б. аспаптар жанры бойынша өнер көрсеткен.

«Балаларымыздың қуанышында сөз жоқ! Біздің орталық үнемі өздернің өнердегі орнын дәлелдеп келеді. Қай байқаудан болмасын домбырашыларымыздың жүлдесіз қайтқаны болмады. Жалпы домбырашылар үйірмесінде 50-ден аса жас домбырашылар бар. Біз сол өрендердің өнерлеріне сене отыра, соны ұштауға бар күшімізді саламыз»,- деді домбыра саласында 18 жыл тәжірибесі бар, үйірме жетекшісі Көшербаева Гүлсұлу.

Өнер бәсекесінде жұлдыздай жарқырап, аймақ абыройын асқақтатқан бүлдіршіндердің  алар асулары алда да. Тек биікте жарқырай бергей.

Другие новости